Әлем нарығында мұнай бағасы 59 долларға дейін төмендеді
Бүгін әлем нарығында мұнайдың Brent маркасының бағасы 1 доллардан аса арзандап, 59 доллар 95 центке сатылды. Ал америкалық сұрыптың құны 56 долларға дейін төмендеген. Энергетикалық шикізат нарқының түсуіне ОПЕК+ альянсының сәуірден шілдеге дейін тәулігіне өндіретін мұнай көлемінің 960 мың баррельге жету ықтималдығы себеп. Оның үстіне, ОПЕК+ қазан айының соңында өндірісті ерікті түрде қысқарту саясатынан бас тартады деген болжам айтылып отыр. Дегенмен, мұндай қадамға Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы мен оның одақтастары осы альянсқа мүше мемлекеттер өндірісті кеміту квоталарына бағынбаған жағдайда баруы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04