«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздары анықталды
«Qaisar» әскери-патриоттық ойындарының жеңімпаздары анықталды. Еліміздің барлық өңірінен 100 жас қатысқан жарыс Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өтті. Екі күн бойы жоғары сынып оқушылары оқ ату, ұлттық спорт түрлері, эстафеталар, кедергілер жолы мен әскери-тарихи сұрақтарға жауап беруден сайысты. Биыл ойынға отандық «Геотактика» симуляторы қосылған. Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының командасы үшінші орын, Түркістан облысының командасы екінші орын, Қарағанды облысының командасы жүлделі бірінші орынды қанжығалады. Биылғы ойын Жеңістің 80 жылдығына орай өткенін айта кетейік.
Нұрбибі Таңатар, қатысушы:
Менің ойымша, оқушылар әр мектептен осындай жарыстарға қатысып тұру керек. Себебі, бұл мектеп кезінен бастап, оқушыларды болашаққа деген, өзінің еліне, жеріне деген патриоттық сезімін оятатын жақсы жобалар деп ойлаймын. Бұл жерде барлық жағдайлар жасалған. Сол себептен, қорықпай жаңа қырларын көру үшін қатысуға болады деп ойлаймын.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29