Астанада Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру клиникасының базасында «Жүрек ырғағы орталығы» ашылды. Жаңа бөлімшенің жұмысымен танысқан Денсаулық сақтау министрі бұл орталықтың арқасында шалғай өңірдегі науқастар үшін жоғары медициналық қызмет қолжетімді болатынын атап өтті. Өйткені мұнда заманауи медициналық жабдықтардың көмегімен телемедицина мен қашықтан бақылау технологиялары енгізілген. Яғни имплантацияланған құрылғылары бар пациенттерді қашықтан бақылауға, күрделі жағдайларда онлайн-консультация өткізуге мүмкіндік бар. Бастысы – жас мамандарды даярлауға арналған аудиториялар ашылған. Айта өтейік, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру клиникасының жеке тікұшақ алаңы бар. Кезек күттірмейтін қиын жағдайларда науқастар медициналық авиациямен шұғыл жеткізіледі.
Сағдат Жүнісов, Астана тұрғыны:
Экстренный болды менде. Портал арқылы келдім. 29-на ота жасалынды. Бәрі жақсы. Мынау керемет салынған больница екен.
Аян Әбідрахманов, ҰШМҮО «Жүрек ырғағы орталығының» жетекшісі:
Қазіргі уақытта ашылғалы 14 науқасқа операция жасалды, әлі де науқастар көп. Ашылғанымыз жаңа ғана деп айтсақ болады. Біздің мөлшерімізше, бұл орталықта мың операцияға дейін жасауға болады жылына. Кадиологияның ішінде әрбір 3-науқас жүрек ырғағы бұзылуымен келеді. Сондықтан сұраныс өте үлкен.
Ақниет Балтанова
