Ғалымдар асыл тұқымды жылқы түрін көбейтпек
Қытай ғалымдары біздің мамандармен бірлесе отырып, асыл тұқымды жылқының түрін көбейтпек. «Қазақ жылқысының санын көбейтіп, оны әлемге дәріптеу мақсатында Семейде тұңғыш рет I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі өтті. Жиынға Қазақстан мен Қытай ғалымдары, сондай-ақ елімізде жылқы шаруашылығын дамытып жүрген мамандар қатысты. Бұған дейін Пезидент аграрлық ғылымды жаңғыртып, асыл тұқымды базаны дамытуды тапсырған болатын. Қазір елімізде асыл тұқымды жылқының 5 түрі бар. Ал Қытайда селекциядан өткен жануардың 29 түрі тіркелген. Бірақ шетелдік мамандар еркін жайылымда жүретін қазақ жылқысын жоғары бағалап отыр.
Думан Орынбеков, Шәкәрім университетінің ректоры:
Бастамалар бар. Ол ең біріншісі Шәкәрім университетінің базасында бірлескен ғылыми-инновациялық орталық құру, жылқы шаруашылығын зерттеулермен айналысатын. Мемлекеттік деңгейдегі жылқы шаруашылығын дамыту бойынша бағдарлама әзірлеу.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01