Астанада «Astana Winner – 2025» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Astana Winner – 2025» көрмесі өтті

05.05.2025

Астанада халықаралық деңгейдегі ірі кинологиялық шара «Astana Winner – 2025» көрмесі және ұлттық асыл тұқымды тазы иттеріне арналған монокөрме «Қазақы тазы» шоуы өтті. Көрмеге иелері 400-ден аса ит әкелген, оның 50-ден астамы тазы. Ұлт қазынасына айналған жануарларға халықаралық деңгейдегі төрешілер баға берді. Аталған көрмеде елдегі ең таңдаулы тазы тұқымы да анықталды. Оның иесі елордалық ветеринар Ануар Әлжан. Сондай-ақ Таймас атты екі жасар тазы екінші орынды еншіледі. Жалпы, былтыр Халықаралық кинология федерациясы қазақы тазы тұқымын мойындап, Қазақстанды тұқымның иесі ретінде таныған еді. Қазір елде 3 мыңнан астам таза қанды тазы бар. Кинологтар одағы осы тазылардың тұқымын сақтауға, оларды көбейтуге күш салып жатыр.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтар одағының президенті:

Былтыр болған мойындау – ол алдын ала мойындау. Өзі тәртіп бойынша, ереже бойынша он жылда беріледі. 15 жыл да болуы мүмкін. Қазақстанға байланысты. Қалай өзінің тұқымын дамытады, шетелге шығарып көрсетеді. Иттің тұқымына халықаралық кинологтардан, ит баптаушылардан сұраныс болуы керек. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу