Төкешовтер Ұлттық ұланда әулетімен қызмет етіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төкешовтер Ұлттық ұланда әулетімен қызмет етіп жүр

05.05.2025

Ұлттық ұланда отбасымен әскери қызмет атқаратын отбасы бар. Әулеттің үлкені Төкеш Өтеғали 1943 жылы Сталинград түбінде болған шайқас кезінде хабар ошарсыз жоғалғандар тізімінде. Ал оның баласы Жалел Төкешов соғыстан кейінгі жылдары Самарқан қаласында радиобайланыс саласында қызмет етіп, ел қорғанысына үлес қосқан. Қазір Жалелдің ұлы Кенжебек Төкешов Ұлттық ұлан қатарында жұмыс істейді. Әскери династияның кенжесі Асқар Ұлттық ұлан академиясының 4 курс курсанты.

Айта кетейік, қазір Академияда Асқар секілді 700-ге жуық курсант білім алады. Олардың арасында Тәжікстаннан келіп оқып жатқандар да бар.

Кенжебек Төкешов, ҚР ҰҚУ Бас штаб факультетінің магистранты:

Отан қорғау - біздің әулетіміздің қағидасы деп айтсам қателеспеймін. Ұлым Асқардың офицер жолын таңдағанына қуандық. Ол - менің жолым, әкемнің, атамның жолы.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу