«Батырларға тағзым» атты веб-портал іске қосылды
II дүниежүзілік соғысқа қатысқан 678 мың қазақстандық майдангердің мәліметін енді электронды нұсқада табуға болады. Жауынгерлердің құжаттары, жазған хаттары мен күнделіктері «Батырларға тағзым» атты жаңа веб-порталдың базасына енгізілді. Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан порталдың бүгін таныстырылымы өтті. Шараға ардагерлердің ұл-қыздары, қоғам және мемлекет қайраткерлері мен оқушылар қатысты. Жоба жетекшілерінің айтуынша, порталға кез келген адам соғысқа қатысқан жауынгер туралы деректерді енгізіп, базаны толықтыра алады. Ал өтінімдерді арнайы комиссия тексереді.
Қанат Сүйіндіков, Астана тұрғыны:
Бұл - әкемнің өмір мен өлім арасындағы жүрген дәптері. Кезінде бала кезімізде көргенбіз. Латынша жазылған, бірақ бала кезде оқи алмадық. Кейін әкем қайтыс болған соң жазбаларын оқып, кітап ретінде шығарғанбыз. Бұл ертеңгі ұрпаққа әкемнің әңгімесі, жасаған ісі, өмірі ұрпаққа үлгі.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
28.09.2026, 20:08
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06