1620 науқас сақтандыру компанияларынан өтемақы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1620 науқас сақтандыру компанияларынан өтемақы алды

05.05.2025

Елімізде кейінгі жарты жылда дәрігердің салғырттығынан зардап шеккен 1600 науқас сақтандыру компанияларынан өтемақы алды. Оларға жалпы сомасы 35 млн теңге төленді. Бұл туралы Jрталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Бұрын медицина қызметкерінің қатесі үшін өтемді өз қалтасынан шығарса, былтырдан бастап бұл міндет ауруханаларға жүктелді. Яғни олар өздерінде жұмыс істейтін әр дәрігер мен медбике үшін сақтандыру компанияларымен келісім жасасты. Бұл науқас пен дәрігерді ымыраға келтіріп, істі сотқа жеткізбеу үшін жасалып отыр. Бұдан бөлек жиында сақтандыру омбудсмендерінің жұмысы да сөз болды. Былтырдан бері олар 8 мыңнан астам іс қараған.

Серікбосын Төлебеков, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің lепартамент директорының орынбасары:

Оның ішінде сотта 18 шешімге шағымданды, 2 шешім сот шешімімен бұзылды. Бұл - жақсы көрсеткіш. Біз омбудсменмен бірге осындай жағдайларды барынша азайту бағытында жұмыс істейміз

Айта кетсек, енді сақтандыру компанияларымен онлайн келісім жасасуға болады. Жұмыстағы жазатайым оқиғалар, жол-көлік апаты, тіпті үйіңіз үшін өтемақыға кепілдік ала аласыз. Ол үшін «Еурохаттама» немесе DTP.kz мобильді қосымшасын жүктеп алып, өтінім жазсаңыз жеткілікті. Төлем 15 жұмыс күні ішінде түседі. Платформа іске қосылғалы бірнеше айдың өзінде 15 мыңнан астам адам жалпы сомасы шамамен 3 миллиард теңге алған.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу