Бауыржан Момышұлының алып портреті бейнеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Момышұлының алып портреті бейнеленді

05.05.2025

Қазір көз алдыңызға стадиондағы футбол алаңын елестетіп көріңіз. Енді, тап сол алаңмен шамалас көлемде портрет бейнеленуі мүмкін бе? Мүмкін екен. Кеше «Астана-Арена» стадионының төрінде даңқты батырымыз Бауыржан Момышұлының алып портреті бейнеленді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мен Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай еліміздегі ең ірі портрет-фотомозаика жасалды. Ерекше патриоттық іс-шараға елорданың бейнелеу өнері үйірмелерінен 600-ден астам бала және 115 мемлекеттік тапсырыс өнімберушілері қатысты.Туындының жалпы аумағы – 2736 шаршы метр, өлшемі 32 метрден 70 метрге дейін жетті. Бұл әлемдегі ең үлкен портрет. Оны әзірлеу үшін оқушылар бірнеше апта дайындалып, еселі еңбек еткен. Мақсат орындалды. Бауыржан Момышұлына арналған алып туынды әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде енді.

Аружан Бірлес, оқушы:

Мен өте қуаныштымын соған. Өйткені біз соған көп уақыт дайындалдық және ол біздің еңбегіміз және біздің ата-бабамызды еске салудың бір түрі ғой.

Ерлан Жалғас, «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ басшысы:

Бүгін мына әлемдік рекордттар кітабына еніп, бүгін мынау сертификатты алып, тарихқа өз үлесімізді қосып жатырмыз. Барша қатысушыларға үлкен рахмет, жеңіс құтты болсын!

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу