Қазақстанда харассмент туралы заң жобасы әзірленбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда харассмент туралы заң жобасы әзірленбек

04.05.2025

Өте қарапайым сипаттасақ, харрасмент – тиісу, сексуалдық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу. «Рақмет» деп ілтипат білдіретін емес, ашуландыратын комплимент айту, денеден ұстаудан бастап, зорлауға әрекет етуге және зорлық көрсетуге дейінгі айуандықты айтуға болады.

Кей зерттеуде әйелдердің 81 пайызы өмірінде бір рет харрасментке ұшырағаны жазылады. Харрасмент қудалау деп аударылады. Иерархиялық жүйелерде – жұмыста, жоғары оқу орындарында қудалау кездеседі. Түрмелерде жиі. Күштінің әлсізге зорлығы.

Ал, құрбан көріп жүрген қорлығын айтуға қорқады. Бірінші кезекте кек алудан, сосын жұмыстан айырылудан, күнінің нашарлауынан шошып, іштен тынады. Себебі агрессор қысымы қатты.

 Біздің еліміздің Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстарға байланысты жазалау қарастырылған. Бірақ нақ харрасмент ұғымы енгізілмеген. Сондай заң дайындалмақ.

Бірлі-жарым адам ұшырайтын «жеке адамның драмасы» деп қарайтын нәрсе емес. Кәдімгідей әлеуметтік проблема. Раушан Сайлауқызы талдайды.


Хабарламаларға жазылу