Ауыз су мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Таза су тұтынудың маңызды екенін түсіндіру артық. Алайда қаншама мемлекеттік бағдарлама қабылданып, қомақты болғанда да қомақты қаражат бөлінсе де, ауыз суға жарымай отырған елдімекен көп болғанда да көп.
Мысалы, Жамбыл облысындағы ауыз сумен қамтылмаған 24 ауылдың бірі – Жайылма ауылдық округының тұрғындары екі сағатқа ерте жиналып, көше бойында кезек күтеді. Ал тіршілік көзі бір сағатқа ғана беріледі. Құдық басында құжынаған адамдардың үлгергені ғана алады деп хабарлайды меншікті тілші.
Байқайсыздар ма, осындай проблема көтерілген репортаждарда «техника экономикалық негіздеме» жасалды, «жобалық сметалық құжаттама» өткіздік, енді күтіп отырмыз деген жауап беріледі. Бұл ауыз су мәселесі шешіледі дегенді білдірмейді.
Иә, керек, бірақ іске асуына кепіл қағаз емес... Бүгінгі репортажды Қарағанды облысы Ақой ауылынан Елдос Есенбол дайындады.
