Ақтауда сенбілікке мыңға жуық студент қатысты
Ақтауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке мыңға жуық студент атсалысты.
Тазалық шарасы қала жастарына арналған саябақта өтті. Студенттер аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыстарына қатысты. Былтыр ғана пайдалануға берілген саябақта 4 мыңға жуық ағаш өсіп тұр. Бүгін олардың қатарын тағы толықтырып, 150 көшет отырғызылды. Қоршаған ортаның тазалығы мен экологияны жақсарту өз қолымызда, - дейді студенттер.
Дильназ Атажан, студент:
Кез келген жас буын қоқысты үйден сұрыптап бастау керек. Пластикті бөлек, макулатураны бөлек және де органикалық қалдықтарды бөлек-бөлек жинауымыз керек. Солай арқылы біз тіпті полигондарды азайта аламыз. Осы арқылы біз өзіміздің кішкене болсын табиғатымызды, өзіміздің экологиямызды таза ұстай аламыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16