Дәрігер: Марафонға қатысу үлкен дайындықты талап етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігер: Марафонға қатысу үлкен дайындықты талап етеді

02.05.2025

Туризм және спорт министрлігі марафон ұйымдастырушылармен келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Осыған дейін жауапты министрлік бұқаралық спортты өткізу тәртібін қатаңдатып, қауіпсіздік регламенті жіті қадағаланатынын ескерткен. Жыл сайын Алматының өзінде өткізілетін марафондарға 10 мыңнан аса адам қатысады. Жүгіру спортына қатысу үшін қалай дайындалу керек? Денсаулыққа келтірер қаупі бар ма? 

Айдана Қуантхан, тілші:

Біз қазір спорттық киім мен жабдықтар сататын дүкенге келдік. Менің қасымда жаттықтырушы Шыңғыс мырза тұр. Жүгіруге арналған аяқ киімді қалай таңдаған дұрыс?

Шыңғыс Байқашев, жаттықтырушы:

Аяқ киімнің сапалысын таңдау керек. Мынау тауда жүгіруге арналған. Табанында жүгірген кезде тайдырмайтын арнайы резеңке бар. Бұл – жазықта жүгіруге арналғаны. Мұнда керісінше, табаны осындай тегіс болғаны дұрыс.

Әйнел Әмірхан, марафонға қатысушы:

Маған жеңіл, жүгіріп үйреніп қалған адам болғаннан кейін көбіне ұйқыны реттеуің керек. Жүгіру барысында сұйық көп ішеміз. Тұзың кеткенде тұзыңның қалпына келтіретін сусындар бар, қосымшалар бар. Оның да ішетін өзінің тәртібі бар. Аптасына кемінде екі рет тренермен жаттығасың. Дайындық барысында сен өз денеңді түсіне бастайсың. 6 айда бір рет, 3 айда бір рет қан тапсырамыз.

Кардиолог-дәрігер Ботагөз Қыстауова жүгіру алдымен жүрекке салмақ түсіреді, дейді. Маман жарысқа қатысу үшін алдымен жүректің ырғағын, физикалық жүктемеге төзімділігін тексеру маңызды деп отыр.

Ботагөз Қыстауова, кардиолог-дәрігер:

Велоэгрометия деген нагрузка бар. Сол сынаманы аламыз. Соны міндетті түрде өту керек. Жүрегі ауру, қантты диабет, қалқанша безде өзгеріс болса, қан қысымы көтерілсе, аяқтағы тамырларда өзгеріс болса, буындары ауырса марафонға қатысуға болмайды.

Марафон – физикалық, психологиялық дайындықты талап етеді. Мамандардың сөзінше, дайындықсыз жүгіру денсаулық пен өмірге қауіп төндіреді. Сондықтан салғырт қарамаған жөн.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу