Астанада бірқатар көше уақытша жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бірқатар көше уақытша жабылады

02.05.2025

Астанада Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ауқымды дайындық басталды. Осыған байланысты ертеңнен бастап бірнеше көшедегі көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Ертең таңғы сағат 5-тен 6 жарымға дейін А-334 көшесі бойынша - Ақжол, Қошқарбаев, Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылы арқылы әскери техника өтеді. Олар жаттығу орнына қарай бағыт алады. Осыдан кейін бірден сағат 6 жарымнан тура 8–ге дейін А-334 көшесі бойынша — Ақжол, Қошқарбаев, Аманжолов, Нәжімеденов бағыты арқылы парадтық жеке құрамды тасымалдау басталады. Қосымша, сағат таңғы 5-тен түскі бірге дейін Тәуелсіздік даңғылы жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі. Сағат 5-тен 14:00–ге дейін Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы тұрақ жабық болады. Қуанышбаев, Нәжімеденов, Байтұрсынов және Нұрмағанбетов көшелерінде жеке құрамы бар автобустарды орналастыру үшін жол қозғалысы шектеліп, тұрақ орындары жабылады. Ал сағат 12:30–дан 14:00–ге дейін техника мен автобустар Нұрмағанбетов, Қошқарбаев, Ақжол және А-334 бағыты арқылы орналасу пунктіне кері қайтады.

Азамат Бейбітұлы 

Хабарламаларға жазылу