«AMANAT» партиясы отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде: «Qaisar» ойындары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«AMANAT» партиясы отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде: «Qaisar» ойындары басталды

02.05.2025

Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «Qaisar» әскери-патриоттық ойындарын ұйымдастырды. Қарағанды облысындағы Спасск оқу-жаттығу орталығында өткен іс-шарада 300-ден астам адам бас қосты. Олардың арасында «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушілері, «Әлияшылар» қозғалысына қатысушы қыздар, бастауыш әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен әскери кафедралардың өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен келген 100 жоғары сынып оқушысы бар. «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жай ғана әскери-спорттық іс-шара емес, нағыз ерлік пен патриотизмге баулитын мектепке айналды. Жалпы, осы уақыт ішінде жобаға 5 мыңға жуық ұл мен қыз қатысты.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Биылғы байқау халқымыз үшін тарихи мерекелердің қарсаңында өткізіліп отыр, мұның да символдық мәні зор деп санаймын. Сондықтан бәріңізді алда келе жатқан Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.

Азамат Бейбітұлы 

Хабарламаларға жазылу