Халықаралық сыншылар үздік деп тапқан 40 кітап. «BBC culture» агенттігі көркем шығармалар рейтингін жаңартты. Онда ғасырлар өтсе де, оқырманды баурап алатын туындылармен қатар бүгінгі авторлардың таңдаулы еңбектері де жинақталған. Мәселен, жастар арасында кеңінен танымал Чимаманда Адичидің «Дрим Каунт», Хелли Рубенхолдтың «Story of murder» атты кітабы жоғары баға алған. Ал уақыт сынынан өткен туындылардан Джейн Остиннің «Тәкаппар ғашықтар», Джордж Оруэлдің «1984» романы және Джеймс Джойстың «Уллис» романы бар. Журналистер мен әдеби сыншылар жүргізген зерттеуге сәйкес, әлемдік классика жауһары саналатын бұл туындылар қазірдің өзінде ең көп оқылатын кітаптардың қатарында.
Еске салайық, төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр.
«100 кітап» ұлттық сауалнамасына қатысу үшін «е-Gov Mobile» қосымшасын жүктеп, порталға кіресіз. Басты бетте «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өте аласыз. Сол жерден өзіңізге ұнайтын 10 шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Жанел Өтеулі
