Каспийде итбалықтар жаппай қырылып жатыр
Маңғыстау облысында Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 88 итбалықтың өлексесі табылды. «Қазақстанның қызыл кітабына» енген су жануарларының қырылу дерегін балық инспекциясының қызметкерлері мониторинг кезінде анықтаған. Оқиға орнына Гидробиология және экология институтының мамандары да барды. Алдын ала болжам бойынша теңіз сүтқоректілері 2-3 апта бұрын өлген. Қазір оларды жинау, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жыл басынан бері тіркелген екінші оқиға. Бұған дейін инспекторлар теңізде браконьерлік ауға түсіп өлген итбалықтарды анықтаған еді.
Қонарбай Базарбаев, облыстық балық инспекциясы басқармасының Түпқараған аудандық бөлімінің басшысы:
Жақында солтүстік батыстан соққан қатты желдің барысында жағаға шығарып тастаған. 88 итбалықтың ішінде екеуі ау құралдарына оралып жағада жатыр. Нақты айту қиын, қазір олармен институттар айналысып жатыр. Сынама алу итбалықтардан қатты шіріп кеткен. Сынама алу мүмкін емес болып жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12