Трамп қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісін қызметінен босатты
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцты лауазымынан босатты. Енді бұл қызметті Мемлекеттік хатшы Марко Рубио уақытша атқаратын болды.
Осылайша Трамп қаңтарда президенттік міндетіне кіріскелі командасында алғаш рет үлкен ауыс-түйіс жасап отыр. Құрама Штаттардың 47-лидері айтқандай, Уолтц енді АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі болады.
51 жастағы Уолтц – Флоридадан сайланған бұрынғы конгресмен. Ол наурызда «Сигнал» чатына басылым редакторын абайсызда қосып, құпия ақпарат тарағаннан кейін үлкен сынға ұшырады.
Айта кетсек, Ақ үйде қауіпсіздік кеңесшісі Сенаттың бекітуін талап етпейтін аса ықпалды лауазым саналады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13