Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 97 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл – әлеуметтік қолдауды автоматтандыруға арналған инновациялық жүйе. Яғни, мұнда азаматтардың табысы, мал-мүлкі, білімі мен денсаулығы және несиесі туралы деректер қамтылған. Бүгінде Отбасының цифрлық картасында Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Қандай да бір өтінішсіз-ақ жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, жүктілік және босануға байланысты, жұмыссыздық жағдайында, асыраушысынан айырылғанда берілетін төлемдер, сондай-ақ, бала күтімі бойынша, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға, көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақылар, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек қамтылған.
Ақниет Балтанова
