Алматылық аспаздар лағманның 2 мың метрлік қамырын созып, еліміздің рекордтар кітабына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық аспаздар лағманның 2 мың метрлік қамырын созып, еліміздің рекордтар кітабына енді

01.05.2025

Алматылық аспаздар лағманның 2000 метрлік қамырын созып, еліміздің рекордтар кітабына енді. Бұл ұлттар арасындағы үзілмес байланысты көрсеткен ерекше мейрам болды. Одан өзге алып шаһарда 100-ге тарта мерекелік шара ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше көңіл-күйін әріптесім Айдана Қуантхан жеткізеді.

Айдана Қуантхан, тілші:

Дәл қазір міне, ең ұзын лағман әзірленіп жатыр. Қазір екінші айналымға кетті. Бұл шараға 60-тан аса аспаз қатысқан. Талап бойынша аспаздар қамырды біртұтас, үзбей және жіптей етіп созуы керек.

Бақытжан Тастүлеков, Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі:

Бірлік күніне орай бұрын соңды болмаған рекорд орнатып жатыр. Бұл бірінші рет болып тұр Қазақстанда. Ең ұзын болғаннан кейін Қазақстанның рекорды болып есептеледі.

Айдана Қуантхан, тілші:

Тұңғыш Президент саябағы да думанға толы. «Бірлік жүгірісі» марафоны 300-ден аса адамды бір алаңға жинады. Спорттық шараға қатысушылар мереке аясында 4 шақырымды бағындыруы тиіс.

Абай алаңында басталған мереке Алатаудың ажарын ашты. Түрлі ұлт өкілі жиналып, би билеп, ұлттық әндерін шырқап жатыр. Бұл жерде қолөнер бұйымдары қойылған көрме де бар. Мәселен, мынау ингуш халқының құмырасы. Мұндағы ең ерекше бұйымның бірі. Ал түрлі ұлттың тату тіршілігін, достығын көрсеткен мереке түнге дейін жалғаспақ.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу