Вашингтон мен Киев минералдық ресурстар туралы келісімге қол қойды
АҚШ пен Украина көптен күткен минералдық ресурстар туралы келісім жасады. Ол құжатқа Вашингтонда Құрама Штаттардың қаржы министрі Скотт Бессент пен Украина премьер-министрінің орынбасары Юлия Свириденко қол қойды. Бұл келісім бойынша тараптар Украинаның пайдалы қазба кеніштерін бірлесіп игеріп, соғыстан қираған елді қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құрады.
Айта кетсек, АҚШ Украинада шикізаттың 20 түріне қол жеткізгісі келеді. Солардың қатарында мұнай мен газдан бөлек, титан, уран, литий, графит, марганец бар. Бұл материалдар авиациялық өнеркәсіп, ядролық отын, электромобиль батареялары, медициналық құрал-жабдықтар және қару-жарақ өндірісі үшін өте маңызды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13