Шығыс Қазақстанда ҚХА облыстық XXXI сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ҚХА облыстық XXXI сессиясы өтті

01.05.2025

Шығыс Қазақстанда Ассамблеяның облыстық отыз бірінші сессиясы өтті. Жиында осы қоғамдық институттың жұмысын одан ары жүйелеу, жетілдіру мәселесі талқыланды.

Қазақстан халқы бірлігі мерекесімен тұспа-тұс келген Ассамбеляның облыстық сессиясы орталық алаңда тігілген үлкен киіз үйде ұйымдастырылды. Өйткені оның өзіндік маңызы бар. Еліміз бойынша достық үйі осы өңірде ашылды. Сол қара шаңырақтың астында 100-ден аса ұлттың өкілін ұйытып отыр.

Рустам Зулфиев, облыстық тәжік этномәдени орталығының өкілі:

Біз осы Шығыс Қазақстанда тұрып, еліміздің дамуына, экономикасына мол үлесімізді қосып жатырмыз. Онда өзімнің шаруа қожалығым бар. Көкеніс өсіремін. Балаларымыз медицина саласында істеп жатыр. Сондықтан бәріміз Қазақстанның дамуына үлес қосуға міндеттіміз.

Елдегі татулықты сақтау басты міндетіміз, дейді Ассамблея өкілдері. Өйткені ел ішінде бірлік болса, үйлесімді тірлік болатынын түсінеді.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:

Ассамблея құрылымының негізіне айналған механизмдер ең алдымен біздің өңірімізде қалыптаса бастады. Ассамблея мүшелері қоғамдық татулықты келісімді нығайтуға өшпес үлкен үлестерін қосып келе жатыр. Олар іс жүзінде мемлекет азаматтық қоғам және этномәдени бірілестіктердің белсенді қатысуы арқылы этносаралық бірліктің мүмкін әрі тиімді екенін дәлелдеп отыр.

Облыста қазір 72 этномәдени бірлестік бар. Әрқайсы түрлі бағытта жұмыс істейді. Қоғамдық бірілестік жанынан құрылған сараптамалық кеңес те бар. Ол кеңес кез-келген мәселеде мониторинг жасауға септігін тигізеді. Ал облыстық сессия соңында қоғамдағы тұрақтылықты насихаттап жүрген этномәдени бірлестік өкілдері ҚХА-на 30 жыл толуына арналған мерекелік медалдармен марапатталды.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу