Қазақстан қақтығыс аймақтарынан 754 азаматты елге қайтарды
Қазақстан қақтығыс аймақтарынан бүгінге дейін 700-ден астам азаматты қайтарып, бейімделуіне кешенді қолдау көрсетті. Бұл - 2019 жылы Үкімет ұйымдастырған «Жусан» операциясының нәтижесі. Астанада «Қақтығыс аймақтарынан қайтарылған азаматтарды соттық қудалау және қоғамға бейімдеу» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде осындай ақпарат айтылды. 2011-2016 жылдар аралығында 120-дан астам елден 43 мың адам Сирия мен Иракқа барып, террористік ұйымдарға қосылған. Қазақстаннан кеткен азаматтардың саны мыңға да жетпейді. Бұл елде діни радикализмге қарсы жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстың нәтижесі, деді мамандар. Астанада өтіп жатқан жиын осы күрделі мәселелер бойынша тәжірибе алмасып, тиімді әдістер енгізуге септігін тигізбек. Оған Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Ирак, Марокко елінен келген мамандар және БҰҰ өкілдері қатысты.
Әнуар Хатиев, ҚР МАМ Дін істері комитеті төрағасының уақытша міндетін атқарушы:
Біз әрдайым ақпаратқа, тәжірибе алмасуға ашықпыз. Бүгінгі шара соның дәлелі. Елге оралғандарды қайта қоғамға бейімдеу ұзақ мерзімді жұмыс. Оларға психологиялық кеңес беру, діни-ағартушылық жұмыстар жүргізу, радикалды көзқарастан арылту, оңалту үшін мықты психолог, теолог, дінтанушы мамандардың көмегі қажет. Бүгінде елге оралған әйелдердің 97%-ы теріс діни көзқарастан арылды деп айта аламыз.
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
