Татулық пен дәстүр дәріптелген күн
Ал, Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт ұлттық әлди әуенімен басталды. Елімізде тұратын түрлі этнос өкілдері өз тілдерінде бесік жырын орындады. Тілі мен әуені әртүрлі болғанымен, бәрінің тілегі бір — елдің тыныштығы мен ұрпақтың амандығы. Мерекелік кештің мақсаты — халықтар арасындағы достық пен өзара сыйластықты дәріптеу. Шарада бірлікті паш ететін қойылымдар қойылып, өнерпаздар әннен шашу шашты. Сондай-ақ, көрермендер үшін көрме де ұйымдастырылып, этностардың тұрмысы мен ұлттық жәдігерлері көпшілік назарына ұсынылды.
Зака Закиев, қала тұрғыны:
Сіз көргендей мұндай қазақ халқының ұқсас ою-өрнектері бар. Ол біздің түркі мемлекеттерінің бірлігін көрсетеді, тарихымыздың бір болуын көрсетеді. Және бұл көрменің мақсаты: Қазақстанда татулық, достық атмосферасын көрсету.
Виктория Шигай, қала тұрғыны:
Қазақстан халқына алғысым шексіз. Біздің ата-бабаларымызға қол созғаны үшін... Бүгін бізде Қазақстан халқының бірлігі күні, мерекемен бүкіл халықты құттықтаймын.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06