Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы өседі. Енді айлықты көп алатындар тиісінше жарнаны да көбірек төлеуі мүмкін. Бұл қанша жалақы алатындарға қатысты болмақ? Сондай-ақ, 8 ауру түрін тегін емдеу ұсынылып отыр. Бүгін Мәжіліс МӘМС-ке қатысты заң жобасын мақұлдады.
Денсаулық сақтау министрі айтқандай елімізде жоғары жалақы алатындар МӘМС-ке жарнаны аз мөлшерде төлеп келген.
Мысалы, айлығы 850 мың теңгеден жоғарылар, 1 млн, 3 млн теңге жалақы алса да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 17 мың теңге төлеп келген. Яғни жарнаның шектік мөлшері осылай белгіленген. Енді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 850 мың теңгеден жоғары айлық алатындар да жалақысының 2 пайызын МӘМС-ке төлемек. Олар МӘМС-ке төленуі тиіс жарнасы 34 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Жұмыс істейтін азаматтар үшін 20 еселенген 85 мың теңгені 20-ға көбейтсеңіз, ең жоғары шегінен ұсталынады да, одан жоғарысы ұсталынбайды. Екі пайыз жұмыскерлер үшін, жұмыс берушілер үшін 3 пайыз болып қалады. Шектеуменен алынып отыр. Біз сол шектеуді көтеріп отырмыз.
8 ауру түрі тегін емделеді
МӘМС-ке қатысты халықтың сын-ескертпесі көп. Тексеру болса, дәрісі жоқ, дәрісі болса ауруханада орын жоқ деп науқастар көп шағымданады. Енді жаңа заңда осының барлығын бір жүйеге келтіру көзделген. Мәселен, 8 ауру түрін МӘМС жарнасы төленсе де, төленбесе де тегін емдемек.
Ләззат Шоманова, ҚР ДСМ МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры:
Вич деген бар, гепатит В,С , инфекциялық аурулар секілді 8 әлеуметтік маңызы бар аурулар. Психиатриалық, инфекциялық, жедел көмек, науқас инфаркке шалдықса 6 ай бойы тегін көмекте болады. Инсульт ауруына шалдықса, 1 жылға дейін тегін көмек ала алады. Бір диагноз бір жүйеде көмек көрсетіледі. Бөліндейді екі жаққа.
Сондай-ақ депутаттар әр адамның жалақысынан МӘМС-ке төленетін қаражаттың есебі цифрлық жүйеде ұсынылса дейді.
Самал Қабышева, тілші:
Міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар тарапынан біраз ұсыныстар түсті. Мәселен, Нұртай Сабильянов Семей полигонынан зардап шеккендерді МӘМС жарнасын төлеуден босату керек деп ұсынды. Бұл ұсыныстар еслеріліп, әлі де талқыланады деді, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлнәзарова. Заң жобасы екінші оқылымға жолданды.
Самал Қабышева
