Еліміздің облыстарында бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің облыстарында бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылады

30.04.2025

Облыстарда балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, ал аудандарда бөлімдері құрылмақ. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен нақты айналысатын орындаушы жоқ, салдарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол бермеу және әрекет ету бойынша жан-жақты, сапалы жұмыс жүргізілмейді. Сондықтан қазіргі уақытта балалардың құқықтарын қорғау жүйесіне қатысты заң жобасы дайындалып жатыр екен.

Динара Зәкиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл:

Кеше Үкімет әкімдіктерде балалардың құқықтарын қорғау бойынша басқарларды құру ұсынысымызды қолдады. Жаңа басқармалар білім басқармалардан бөліп шығару арқылы құрылатын болады. Сондықтан, республикалық бюджеттен қаражатты талап етпейді. Әрине, балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының маңызы өте зор. Себебі халқымыздың үштен бір бөлігі балалар.

Енді балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының мәртебесі, өкілеттіктері мен функциялары, сондай-ақ профилактикалық органдардың құқықтары мен міндеттері толықтай айқындалмақ. Басқармалардың негізгі функцияларына барлық алдын алу шараларды үйлестіру жатады. Сонымен қатар мектеп психологтарына, полицияға немесе азаматтардан түскен әрбір дабылға ден қою, оқиға орнына шығу міндеті де осы басқармаларға жүктеледі.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу