Интернет алаяқтық түрленіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернет алаяқтық түрленіп барады

28.04.2025

Алаяқтардың айласы сан алуан. Енді әккілер емхана, коммуналдық ұйым, жеткізу қызметінен хабарласып, жеке деректеріңізді сұрайды. Әсіресе, коммуналдық ұйымның атын бүркеніп хабарласушылар көп. Алаяқтар «Есептегіштерді ауыстырудың мемлекеттік бағдарламасына» қатысамыз деген желеуді негізге алады. Содан кейін тұрғындардың телефонына код жіберіп, сол арқылы цифрлық қызметтерге қол жеткізеді. Одан бөлек, жеткізу қызметінен, Мемлекеттік кірістер комитетінен, Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе басқа да мекемелерден тапсырыс хат береді. Осылайша, мекенжайды нақтылап алады. Кейін 1414, 1412 нөмірлерінен SMS код немесе сілтеме жібереді. Бұл арқылы деректерді ұрлап, телефоныңызға зиянды бағдарламаны онлайн орнатуы мүмкін.

Нұржан Мұқажан, IT маманы:

Ең бірінші код сұраса, ол алаяқтықтың бірінші белгісі. Себебі, жеке деректеріңізге қол жеткізгісі келіп тұр. Одан кейін сілтеме. Сіздерді белгілі бір сайттарына, қосымшаларына өткізеді де сол арқылы жеке деректеріңізді алып, жеке мүддесіне пайдаланды. Сілтемені нақты қарасаңыз, сілтемеде доменді адрес алаяқтық болса, қате жазылады. Олар алдау үшін бір әрпін ғана қате жазып қояды.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу