Аягөзде «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті
Аягөзде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындары, түрлі деңгейдегі мекеме өкілдері, жастар мен аға буын қатысты. Ортақ іске жұмылған жұрт көшелерді, демалыс орындарын, саябақтарды тазартты. Қаланың кіреберісі мен адам көп жиналатын орындарды күл-қоқыстан арылтты. Бұл жолғы сенбілікке 51 түрлі деңгейдегі мекеме мен ұйымнан мыңнан астам адам жұмылған.
Асқар Ерланов, Аягөз қаласының әкімі:
Қазіргі уақытта қаламыздың көшелері, саябақтары және аулалары қарқынды түрде тазалануда. Бүгінгі күні осы Қабанбай аллеясында, қаламыздың шыға берісіне қарай сенбіліктер өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін 1 500 тонна күл-қоқыс шығарылды. Алдағы уақытта да жұмыстар атқарылады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08