Ақтөбедегі медресе шәкірттері дәнекерлеуді үйрене бастады
Ақтөбе облысында медресе оқушылары дәнекерлеуші мамандығын игеріп жатыр. Бұл – жұмысшы мамандықтар жылы аясында жүзеге асып жатқан жоба.
Алға ауданының Бестамақ ауылындағы ұлттық және діни білім беру мекемесінің 23 шәкірті Техникалық колледжден арнайы курстан өтеді. Білім алушылар алдымен теориялық сабақта дәнекерлеу ісінің негізгі ережелері мен қауіпсіздік шараларымен танысады. Одан кейін металл конструкцияларды дәнекерлеуді үйренеді. Қысқа мерзімді курс маусым айына дейін жалғасады. Курс аяқталған соң білім алушыларға куәлік беріледі. Колледжде дәнекерлеу ісінен бөлек, тігінші, машина бөлшектерін құрастыру сияқты бірнеше жұмысшы мамандықтарын игеруге мүмкіндік бар.
Нағим Мұратбекұлы, медресе оқушысы:
Кішігірім темірлерді бір-біріне дәнекерлеп, пісіріп үйрендік. Осы жерге бірінші рет келдік. Оның алдында практиалық сабақ өткен. Медресемізге ағайымыз келіп, қай нәрсенің қалай болатынын көрсетіп кеткен.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04