Қарағанды қаласында заманауи цифрлық кітапхана ашылды
Қарағанды қаласында заманауи цифрлық кітапхана өз жұмысын бастады. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің қабырғасында ашылған кітапхана қорында бүгінде 200 мыңға жуық түрлі кітаптар бар. Оның 2000 сирек кездесетін кітаптар. Оқырмандар кітапханашының көмегінсіз ID карталар арқылы керекті кітабын тауып, электронды түрде тіркейді. Ол үшін арнайы құрылғы да қойылған. Бас аяғы қазақы нақыштағы, заманауи қондырғылармен жабдықталған 8 оқырман залында студенттер пайдалы білім ала алады. Кітапхана басшылығы оқырмандардың сұранысына қарай тәулік бойы қызмет көрсетуге дайынбыз дейді.
Гаухар Әбдіғұлова, ғылыми кітапхана директоры:
Жобамыздың мақсаты - студенттерге жан-жақты жағдай жасау. Оқу мәдениетін қалыптастыру. Науаи айтқандай: Кітап - ақылына ақы сұрамайтын қазына. Студенттерге кітап оқуға жан-жақты жағдай жасалды. Енді оқу тек қана өз қолында.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17