Иранда жарылыс құрбандарының саны 40-қа жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда жарылыс құрбандарының саны 40-қа жетті

28.04.2025


Иранда сәуірдің 28-і жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жарияланды. Соңғы мәліметке қарағанда, Бандар-Аббас портында алапат жарылыстан қаза тапқандар саны 40-қа жетті. Тағы 1200-ден астамы жараланған. Мұны жергілікті мемлекеттік телеарналар хабарлап отыр.

Оқиға порттың Шахид Раджаи деген секциясында болды. Бұл – Иранның ең ірі контейнерлер хабы. Жарылыстан бірнеше шақырым жердегі ғимараттар мен үйлердің терезесі қирап, контейнерлердің темір сынықтары жан-жаққа шашыраған.

Жарылыс химиялық материалдардың өртенуінен басталды деген болжам бар. Бірақ апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Халықаралық ақпарат құралдарының дерегінше, дүмпуге ракета отынының дұрыс сақталмауы себепші болса керек. Алайда жергілікті үкімет бұл ақпаратты растамады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу