«Ұстазға тағылым» және «Бақытқа жет, жас ұрпақ» атты қос жинақтың таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұстазға тағылым» және «Бақытқа жет, жас ұрпақ» атты қос жинақтың таныстырылымы өтті

01.02.2018

Туындылар авторы Оспан Сүлейменұлы алғашқы кітабында мәртебелі мұғалімдердің еңбегін танытса, екіншісінде жас буынға өлең-жыр арқылы өсиет айтылған. «Ұстазға тағылым» жинағында 130-ға жуық мұғалімнің өмір жолы, жеткен жетістігі, алға қойған мақсаттары баяндалады. Сабақ берудегі әдіс-тәсілдері де әңгімеленеді. Айта кетерлігі, кітапта Астана ұстаздарының арасынан шыққан «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі иегерлеріне үлкен мәні берілген. Бұл жинақ әзірге 200 дана болып жарыққа шықты. Оспан Сүлейменұлы туындыларын Ұлттық кітапхана қорына тапсырып, алдағы уақытта жинақтардың электрондық нұсқасын да шығаруды көздеп отыр. Ұстаздығы, ақын-жазушылығымен қоса, күйшілік пен композиторлықты қатар алып жүрген ол алдағы уақытта осы қарқынынан таймауға ниетті.

Альбина ӘШІМ

 

Хабарламаларға жазылу