Көшеде қараусыз жүрген бала үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшеде қараусыз жүрген бала үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылды

25.04.2025

Жылдың алғашқы үш айында түн ортасында көше кезген балалар үшін 29 мың ата-ана жауапқа тартылған. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында елімізде «Жасөспірім» іс-шарасы өтіп жатыр. Тәртіп сақшыларымен рейдке шығып келген әріптесім Темірлан Нұржанұлы толығырақ айтады.

Аслан Оразбаев, ҚР ІІМ Астана қаласы Нұра ауданы ПБ ювеналды полиция инспекторы:

 Сағат 22:33, жедел уақыт. Осы бізге Нұра ауданы бойынша барлық ойын сауық орталықтарын сағат 23:00-ге дейін тексеріп шығамыз. Қазіргі уақытта 04:00 және 05:11 аралығында  плейстейшн клуб, компютерный клуб, антикафе сияқты жерлерде көп жүреді.Рейдіміз түнгі 2-3-ке дейін жалғасады. Көшелермен парк, сквер, басқа да саяжай, саябақтарды  тексеріс жасап, қарап шығамыз. 

Темірлан Нұржанұлы, тілші

 Дәл қазір біз полиция қызметкерінің көлігіндеміз, сағат 00:19 кетті. Рейд, яғни жедел іс-шара жалғасуда. Осы уақытқа дейін кәмелет жасқа толмаған екі азамат полиция басқармасына жеткізілді. Енді олардың заңды өкілдері шақыртылады.

 Мерхат Орақбаев, ҚР ІІМ Астана қ. Нұра ауданы ПБ жпқб бастығы:

 Кәмелет жасқа толмағандар ҚР заңнамасына сәйкес, кешкі 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында, 23:00-ден кейін далада заңды өкілетінің қарауынсыз жүруге тыйым салынады.

 Аслан Оразбаев, ҚР ІІМ Астана қаласы Нұра ауданы ПБ ювеналды полиция инспекторы:

Кәмелетке толмағандардың ата-анасы шақыртылады.  Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Бірінші рет ұсталған уақытында  олардың ата-аналарына ескерту беріледі. Түсініктемесін аламыз ата-анасынан. Бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса біз сотқа құжаттар жібереміз. Сот әрі қарай өзінің шешімін қабылдайды. 

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Былтыр балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде және ойын-сауық орталықтарында жүргені үшін 112 мың ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал биыл алғашқы үш айда дәл сондай себептермен 29 мың ата-анаға әкімшілік жаза қолданылған. 

Темірлан Нұржанұлы


Хабарламаларға жазылу