Астанада биыл 60 көше жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада биыл 60 көше жөнделеді

25.04.2025

Астанадағы Мәңігілік ел даңғылында биыл да жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жылда осы. Жолды жабады салдарынан, көлік кептелісі көбейеді, - деп шағымданады қала тұрғындары. Тіпті астаналықтар «Мәңгілік елдегі – мәңгілік кептеліс» деп те қалжыңдайтын болған. Жергілікті биліктің сөзінше, 2022 жылдан бері бұл жол жөнделіп келеді. Не себепті жылда бір даңғылдың бойы қазыла береді? Әріптесім Самал Қабышева анықтап білді.

Самал Қабышева, тілші:

Дәл қазір біз Мәңгілік ел даңғылының бойындамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, көліктер кептелісте тұруға мәжбүр. Дәл осы Мәңгілік ел даңғылының бойын жылда жөндейді. Дәл қазір міне, жөндеу жұмыстары тағы да жүріп жатыр. Жолдың әр бөліктерін осылай қоршап, жауып тастаған.

Мәңгілік ел даңғылы бойынша жөндеу жұмыстары осы көшелердің бойымен жүріп жатыр. Сарайшықтан бастап, Фариза Оңғарсынова көшесіне дейін жолдың әр бөлігі жабылып, қоршауға алынған. Қала әкімдігі жұмыстар бүгін аяқталады деп сендірді. Ал Мәңгілік ел даңғылының бойына жылда жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін былай деп түсіндірді.

Серікболсын Жалғасов, Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол құрылысы және жөндеу бөлімінің бас маманы:

Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл кептелістер уақытша. Биыл бізде Мәңгілік ел даңғылында бюджет есебінен емес, мердігердің тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, орташа жөндеу жұмыстарының кепілдік мерзімі 3 жыл құрайды.

Жылда жөнделетін Мәңгілік ел көшесінен бөлек биыл Астанада 60 көшеге жөндеу жүргізілмек. Міне олардың тізімі. Жалпы, 72 шақырым жол жөлделмек. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Самал Қабышева, тілші:

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерден бөлек, Астанада LRT-ң де құрылысы жүріп жатыр. Ол көшелердің де бойын осылай жауып тастаған. Міне көріп тұрсыздар. Салдыранан кептеліс. Ал астаналдықтар қашанға дейін ұзын-сонар кептелісте сағаттап тұратыны уақыт еншісінде.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу