Пәкістан мен Үндістан шекарасында атыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістан мен Үндістан шекарасында атыс болды

25.04.2025

Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, қаруды бірінші болып Пәкістан күштері қолданған. Үндістан әскерилері қарсы оқ атты. Зардап шеккендер жоқ. Екі ел арасындағы жағдай Кашмирде жақында болған лаңкестік әрекеттен кейін ушықты. Сол шабуылдан Пахалгам қаласында 26 турист қаза тапты. Үндістан бұл оқиға үшін Пәкістанды айыптап, арадағы басты өткелді жапты. Пәкістандықтарды визасынан айырып, сол елдегі әскери атташелерін кері шақырған. Бұған қоса, ресми Дели Үнді өзенінің суын ортақ пайдалану туралы келісімнің күшін тоқтатты. Ал Пәкістан болса, әуе кеңістігін жауып, Үндістанмен арадағы сауданы доғарды. Ресми Исламабад бұған дейін Кашмирдегі лаңкестік шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу