Ассамблея – бейбітшіліктің кепілі
Кез келген елдің ынтымақ-бірлігін бұзғысы келетін күштер бар. Әсіресе әлемдегі геосаяси ахуал ушыққан уақытта олардың белсенділігі арта түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 34 сессиясына қатысушылар осылай дейді. Осы тұста Ассамблеяның мойнына артылар жүк ауыр. Ұлттарды ұйыстыра білуінің арқасында Қазақстан талай қатердің алдын алды, - дейді олар.
Алишер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бүгін бар елдер 1 күннің ішінде, 1 айдың ішінде, 1 жылдың ішінде 3-4 мемлекетке кішігірім бөлініп жатқанын көріп отырмыз. Міне осындай жағдайға келмеу үшін біз бүгінгі таңда бір болуымыз керек. Бір болып күресуіміз керек. Бұл тек қана газет-журнал немесе телеарнада емес, әр отбасыда осындай жұмысты атқаруымыз керек деп ойлаймын.
Айрат Базенов, Ә.Бөкейхан университетінің проректоры:
Ұлт, тіл, дін тіпті, біздің дүниетанымымыз әр түрлі. Бірақ бізді біріктіретін құндылықтар - одан да маңызды және тереңірек. Бұл - адамгершілік, түсіністік, мейірімділік, өзара ымыра. Міне осы құндылықтар біздің мемлекетіміздің, еліміздің тұрақты дамуының бастауы болып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу үшін ОСК-ға құжат тапсырды
14.07.2026, 08:18
Табиғат жанашырлары бұлақ көзін тазартты
13.07.2026, 20:57
Жер учаскесіне мемлекеттік акт енді тек онлайн рәсімделеді
13.07.2026, 20:55
Өңдеу өнеркәсібін дамыту мүмкіндіктері талқыланды
13.07.2026, 20:39
ӘЧ – 2026: Аргентина жартылай финалда
13.07.2026, 20:37
Петропавл қаласының құрылғанына 274 жыл толды
13.07.2026, 20:18
Райымбек ауданының 90 жылдығы тойланды
13.07.2026, 20:17
Халықаралық этнофестивальге 50 мыңға жуық адам келді
13.07.2026, 20:13