27 сәуір күні иммундау апталығы басталады
Елімізде еуропалық иммундау апталығы басталады. Ол 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтеді. Осы бір апта ішінде түрлі ауруларға қарсы егілетін вакциналардың маңыздылығы түсіндіріледі. Еуропалық иммундау апталығын 53 мемлекет қолдап отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Соңғы 2-3 жылда көптеген елдердегідей Қазақстанда да қызылша мен көкжөтел бойынша эпидемиологиялық қолайсыздық байқалады. Ауруға көбіне жоспарлы екпе алмаған балалар шалдығады. Мәселен қызылша бойынша науқастардың 75%-дан астамы, ал көкжөтел бойынша 87%-ы вакцина алмаған.
Нұршай Әзімбаева, ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы:
2005 жылдан бастап ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының бастамасымен өткізіліп келе жатқан еуропалық иммундау апталығына арналып отыр. Қазіргі кезде иммунизациялау бағдарламасы 21 инфекциялық ауруларға қарсы вакцинацияны қамтиды. Жыл сайын республика бойынша жалпы егілетін адамдардың саны 4 млн-нан асады. Осы бағдарламаға 38 млрд теңге қаражат бөлінеді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09
Жеңілдетілген ипотекаға сұраныс жоғары
08.09.2026, 20:06