Қазақстан халқы ассамблеясының 34-сессиясы ұйымның 30 жылдық жұмысын қорытындылап, жаңа мақсаттарды белгілеп берді. Әлемде теңдесі жоқ жоба – бірліктің арқасында кез келген шыңды қиындықсыз бағындыруға болатынын көрсетті. Бүгінгі жиынға қатысқан ассамблея мүшелері осындай пікірде. Сондай-ақ алдағы жұмысты қай бағытта жүргізу керек екенін де ойымызға түйдік дейді олар.
Долқонтой Әлиев, ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы:
Халықтың бірлік ынтымағы да, еліміздің тыныштығын қорғап, өсіп өркендеуге, әрбір ұлттың бір ата, бір ананың баласындай күш салуға президентіміз шақырып отыр. 30 жылдықта жеткен жетістіктерімізді атап өтіп кетті. Біз бір халықпыз, бір елміз. Әрбір ұлттың рухын көтерді деп есептеймін. Біздің де рухымызды қатты көтерді.
Саяф Исмилов, «Хазар» әзербайжан этномәдени орталығының өкілі:
«Бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген ұранымыз бар. Қазақстанда өмір сұрып жатқан барлық халық оны ұстанатынына сенімдімін. Біздің бір бірімізге деген қарым қатынасымыз достық деңгейден өтіп, бауырластыққа жеткен. Соның арқасында татулық пен бейбітшіліктің туын желбіретіп отырмыз.
Жалпы ассамблеяның жұмысы 30 жылда үлкен трансформацияға ұшыраған. Заман талабына сай, тәсілдер мен тактика да өзгеріп отырды. Соның арқасында, әлем елдері қызығатын институт құра білдік. Ең бастысы көп ұлтты елде ынтымақ пен бірлікті тиісті деңгейде дәріптей алдық дейді түрлі этнос өкілдері.
Максим Рожин, Мәжіліс депутаты:
Ассамблея қоғам сұранысы мен елде туындап жатқан кейбір мәселелерге сай өзінің жұмысын өзгертіп тұрады. Бұл заңды дүние. Өйткені бізде 95 жылы болған міндет мақсаттар қазір 30 жылдан кейін өзгеріп жатыр. Мен ойлаймын, бейбітшілікке деген әрқашан сұраныс болған. Осы сұраныс бар кезде ассамблеяның да жұмысы маңызды болады деп есептеймін.
Юрий Шек, Ақтөбе облыстық кәріс қауымдастығының төрағасы:
Қазақстан халқы ассамблеясы соңғы 30 жылда өте үлкен жұмысты атқарды. Ұйым тек қана ұлттар арасындағы татулықты дәріптейді десек дұрыс болмайды. Ассамблея жастардың тәрбиесінде, патриоттық сезімді, адалдықты дәріптеуде өте маңызды рөл атқарады.
Оңғар Алпысбайұлы
