Марко Рубио Лондондағы келіссөздерге қатысудан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марко Рубио Лондондағы келіссөздерге қатысудан бас тартты

23.04.2025

Бүгін Ұлыбритания астанасында АҚШ, Украина, Еуропа арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді. Себебі Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лондонға сапарын кенеттен доғарған.

Енді Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі кездесудің деңгейі төмендеп кетті. Вашингтон атынан президент Дональд Трамптың Украина бойынша арнайы елшісі Кит Келлог өкілдік етеді.

Бұған дейін Трамп Мәскеу мен Киев келіссөздерде прогресс байқатпаса, Украинадағы соғысты тоқтату әрекетінен бас тартатынын мәлімдегені белгілі.

Келіссөздерді тұралатып отырған басты мәселе – территория. Болжамдарға қарағанда, Вашингтон Украинаның оккупацияланған төрт облыс пен Қырымды Ресейдің бақылауына өткізгенін қалайды.

Алайда президент Владимир Зеленский ешқандай бейбіт келісім аясында Мәскеуге жер бермейтінін ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу