Жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесі енгізіледі

22.04.2025

1 мамырдан бастап жедел жәрдем шақырудың жаңа ережесі енгізіледі. Мақсат-көмекті дер кезінде көрсету. Нақтырақ айтсақ, енді төртінші санаттағы шақыруларға яғни, жоғары қан қысымы, дене қызуы немесе жеңіл жарақаттар сияқты өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар – күндізгі уақытта емхана жанындағы мобильді бригадаларға бағытталады. Олар таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мобилді бригаданың шақыртуға келу уақыты - 60 минут. Ал шұғыл көмекке жедел жәрдем 10 минутта жетеді. Бірінші, екінші және үшінші санаттар үшін норматив 15 пен 30 минут аралығы.

 Әсел Қыдырәлиева, ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:

35 адамға бір бригада болғандықтан олардың санының кей өңірлерде жетіспеушілігі туындады.  Жәдел жәрдем қызметіне түсетін шақыртулардың 50 пайызға жуығы 4 санаттағы шақыртулар. Яғни, шұғыл түрде көмекті қажет етпейтін және адам өміріне қауіп төндірмейтін жағдайлар. Осы жүктемені азайту мақсатында және жәдел жәрдемнің қолжетімділігін арттыру мақсатында жасалып отырған өзгеріс. 

Түнгі уақытта және демалыс күндері барлық шақыртуға жедел жәрдем бригадалары барады. Қажет болған жағдайда олардың қатарларына педиатр, кардиолог және басқа да мамандар қосылады. Айта кету керек, жедел жәрдемді шақыру механизмі өзгеріссіз қалады. Тұрғындар 103 нөмірі арқылы кез келген уақытта жәдел жәрдемге жүгіне алады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу