Президент Әкім Таразидің жақындарына көңіл айтты
Қазақ әдебиетінің алыбы Әкім Таразидің өмірден өтуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның жұбайы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова мен балаларына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Әкім Тарази бүкіл саналы ғұмырын сөз өнеріне арнаған, төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді төрге оздырған ұлтымыздың біртуар перзенті еді. Дарынды қаламгер қазақ прозасының көкжиегін кеңейтті, ұлттық кино және драматургия саласына өлшеусіз үлес қосты. Асыл мұратынан ешқашан айнымаған қалам иесін көзі қарақты оқырман «Әдебиет әлемінің Әкімі» деп ардақ тұтты, зиялы қауым оның шығармашылығымен қатар адамгершілік қасиеттерін ерекше бағалады. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол мұра қалдырған Әкім Таразидің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жаңа туған құлындарды Ақниет және Бөрте деп атады
15.06.2026, 10:29
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқ залына енді
15.06.2026, 10:26
Швейцарияда азаматтар халық санын шектеуге қарсы дауыс берді
15.06.2026, 10:23
АҚШ пен Иран жұма күні соғысты тоқтату туралы келісімге қол қоймақ
15.06.2026, 10:21
«Әділет» партиясының филиалдары еліміздің барлық өңірінде құрылады
15.06.2026, 10:12
Президент «AMANAT» партиясының бұрынғы Төрағасы Ерлан Қошановқа алғыс айтты
15.06.2026, 10:09
Футболдан Әлем чемпионаты қыза түсті
14.06.2026, 20:38
Былтыр Байқоңыр ғарыш айлағына 2 мыңнан астам турист келген
14.06.2026, 20:35