Ұлттық кітап күніне орай Оралда кітап фестивалі өтті
Ұлттық кітап күніне орай Оралдағы арбатта кітап фестивалі өтті. Жаңа әдебиет пен жергілікті басылымдар көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты. Шаһардағы барлық кітапхана, баспагерлер мен кітап дүкендері жәрмеңкеде тың дүниелерін таныстырды. Кітап дефилесі, әдеби квиз, танымдық квест-шаралар, қолөнер мен қылқалам шеберлерінің алаңы бұқараға мерекелік көңіл күй сыйлады. Артистер сомдаған Абай Құнанбайұлы, Жұбан Молдағалиев бейнелері келушілерді тәнті етті. Өңірде барлығы 356 кітапхана бар. Бүгінде солардың 25-і заманауи құрал-жабдықтармен жаңартылып жатыр.
Ақұштап Бақтыгереева, ақын:
Бүгінгі қоғамда болып жатқан қателіктердің көбі кітап оқымағанның кесірінен деп айтқым келеді. Сана, білім-ілім тәрбиесі аздау болып тұр. Адамға керегі, жұмыр жерді қорғау үшін тек қана білім. Білім, сауат, парасат, ұлы тәрбие. Оның бәрі ұлы кітапта.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44