Алматыда «KITAP SHOY - 2022» мерекелік фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «KITAP SHOY - 2022» мерекелік фестивалі өтті

23.04.2022

Кітап күніне орай Алматыда да «KITAP SHOY’ - 2022» атты мерекелік фестивалі өтті.

Жыл сайын әлемнің 100-ден астам елінде болатын шара жастардың кітапқа деген қызығушылығын оятуға бағытталған. Оған мектеп оқушылары мен студенттер, баспагерлер шақырылды.

Шара барысында оқырмандар кітап жәрмеңкесін аралап, түрлі әдеби кештерді тамашалады. Одан бөлек шешендікке баулитын шеберлік сағаттарына қатысып, танымал ақын-жазушылармен кездесті. Жәрмеңкеге келгендерге кітаптар сыйға тартылды.

Анаргүл Рақымова, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері:

Шараның мақсаты- жасөспірімдерді кітап оқуға тарты. Олардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Қоғамдық ортадағы мәдениетін дамыту.

Хабарламаларға жазылу