Зағип жандардың дауыс беру процесі жеңілдейді
Көру қабілеті бұзылған сайлаушылар енді ешкімнің көмегінсіз дауыс бере алады. Пилоттық режимде қолданылған NVDA дыбыстық бағдарламаcы қазір Павлодарда сынақтан өтіп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтылды. Жаңа технология арқылы зағип жандардың сайлауға қатысу белсенділігі артпақ, дейді «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі. Сондай-ақ жиында мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қорғауға арналған ;ол картасы әзірленетіні айтылды. Мақсат – сайлау инфрақұрылымын барлық азаматқа қолжетімді ету.
Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Тұжырымдаманың іске асыру жұмыстары осы жылдың басында басталды. 5 жылға арналған. Бүгін бірінші кездесу орталық сайлау комиссиясымен өтті. Әрі қарай біз оны жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істейміз. Арнайы портал бар. Соны әрі қарай қалай дамыту керек - осы жағын қарастыруымыз керек.
Асылбек Данияр
Автор
                            Асылбек Данияр
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                Дарынды жастар 2 мыңға жуық стартап жобаны іске асырып жатыр
                                    31.10.2025, 10:12
                                 
                                ШҚО-да алғаш рет дәстүрлі садақ атудан телетурнир өтті
                                    31.10.2025, 09:12
                                Шымкентте балаларға арналған заң бағытында танымдық мультфильм көрсетілді
                                    31.10.2025, 09:11
                                Астанада күн сайын 2000-ға дейін алаяқтық қоңыраулар тіркеледі
                                    31.10.2025, 09:11
                                Еуразиялық экономикалық комиссияда алғаш рет Қазақстанның жетістіктерін паш ететін көрме өтті
                                    31.10.2025, 09:10
                                Өзбекстанда Солтүстік Аралды толтыру және оны қалпына келтіру жұмыстары жалғасады
                                    31.10.2025, 09:10
                                Түркістан облысында көпқабатты үйде газ жарылды
                                    31.10.2025, 09:09
                                Ямайкада «Мелисса» дауылынан кейін тұрғындардың 70 пайызы жарықсыз отыр 
                                    31.10.2025, 09:09
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    