Президент: Тазалық әр адамнан, әр үйден басталуы керек
Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті. Одан соң «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрмені тамашалап, экологиялық жобалармен танысты. Олардың ішінде оқушылардың, ғалымдардың ойлап тапқан стартап жобаларымен қатар жүзеге асырыла бастаған ауқымды жобалар да бар. Тазалық акцияларында ерекше белсенділік танытқандарды марапаттап, алғысын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» - бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп, халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06