Бельгия азаматы Қазақстанға велосипедпен жолға шықты
«Бельгиядан Қазақстанға велосипедпен». Бельгия азаматы Клод Бруир үш дөңгелекті күннен қуат алатын велосипедімен жолға шықты. 62 жастағы Брюссель тұрғыны Германия, Польша, Литва, Латвия, Ресей арқылы маусымда Қазақстанға жетіп, әрі қарай Қытайға сапарламақ. Бұл оның ұзақ сапарға екінші рет аттануы. 2018 жылы электр велосипедімен Еуропа елдерін аралаған. Енді 12 мың шақырымды бағындырмақ. Мақсаты - өзі сияқты ракпен ауыратын адамдардың өмір сүруге құштарлығын арттыру. Көпшілікті экологиялық таза көлікке көшуге үндеу және Қытайда жұмыс істейтін ұлымен кездесу.
Клод Бруир, Брюссель қаласының тұрғыны:
Бельгиядағы Қазақстан елшілігінің өкілдерімен кездесіп, кәдесыйлар, барлық ақпаратты алдым. Ресейдің Омск қаласы арқылы Қазақстанның Павлодар, Семей қалаларына барамын. Сосын бір апта Алматыда боламын. Алматының тау-тасын аралап, мәдениетімен танысып, туған күнімді сол жерде тойлаймын. Әрі қарай Шанхайдағы ұлыма жол жүремін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17