Алматыда 40 жастағы науқастың өтінен 5 мыңнан аса тас шыққан
Алматылық дәрігерлер 40 жастағы науқастың өт қабынан 5 мыңнан аса тас алып шықты.
«Әдетте өт қабынан әрі кетсе, оннан аса тас алып шығамыз. Ал бұл – өте сирек кездесетін жағдай», дейді мамандар. Дерті асқынған науқас орталық клиникалық ауруханаға шұғыл жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оның өт қалтасы қабынып, көп мөлшерде тас бар екені анықталған. Бір сағатқа созылған операция сәтті аяқталды. Бір аптадан аса ем-домын алған науқасты дәрігерлер үйіне шығарған. Қазір ол жергілікті емханадағы мамандардың бақылауында.
Ілияс Сағиев, орталық қалалық клиникалық аурухананың хирург дәрігері:
Бірінші рет осындай тас көлемін көріп отырмыз. Бұл тастар майда тастар, бір-біріне жабыспаған. Кіші бұршақ тәрізді болды және өт қалтасында толықтай бітеліп тұрды. Бұл тастардың ең қауіптісі, егер де операция жасалмаса, ауыр хәлге алып келуі мүмкін.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04