Мемлекеттік кеңесші сарапшылармен бірге ішкі саясат жөнінде жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші сарапшылармен бірге ішкі саясат жөнінде жиын өткізді

18.04.2025

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сарапшылармен бірге ішкі саясат мәселелері жөнінде жиын өткізді. Басқосуды Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы құрылтайда көтерген бастамаларын жүзеге асырудың жолдары талқыланды. Басқосуда ішкі саясат саласына қатысты біртұтас кешенді құжатты даярлау үрдісіне баса назар аударылды. Құжаттың негізгі жобасын Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты даярлаған. Пікір алмасу барысында Мемлекеттік кеңесші бұл ішкі саясат саласына қатысты кешенді құжатты дайындау және қабылдау, түптеп келгенде мемлекеттік органдар қызметін жүйеге келтіру жолындағы ауқымды үдерістің бір бөлігі екенін атап өтті. Құжатта мемлекеттік саясаттың ішкі саясат саласындағы негізгі қағидаттары, тұжырымдары және бағыттары ретке келтіріледі. Сарапшылар өз кезегінде аталған құжаттың мемлекеттік органдар қызметіне бағдар беріп қана қоймай, азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшылар үшін де ішкі саясат саласындағы негізгі басымдықтарды түсіндіруге жол ашатынын атап өтті. Кешенді құжат жобасын талқылау үшін мұндай кездесулер алдағы уақытта да ұйымдастырылады. 

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу