Ресей «Талибанды» лаңкестік ұйымдар тізімінен шығарды
Ресейдің Жоғарғы соты «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығарды. Естеріңізге сала кетсек, тәліптер ауған билігін 2021 жылы тамызда елден АҚШ әскері бей-берекетсіз шығарылғаннан кейін басып алды. Ал Ресей бұл қозғалыспен біртіндеп қатынас орнатып, оны тіпті лаңкестікпен күресте одақтас деп атады. Кремль Ауғанстанның стратегиялық орналасқан жерін ескеріп, онымен саудалық, іскерлік, инвестициялық байланыстарды нығайтпақ. Сонымен қатар Ресей Таяу Шығыстағы радикалдық қарулы топтармен және есірткі тасымалымен күресте де «Талибанмен» бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Мәскеу тәліптерді 2003 жылы лаңкестік топтар қатарына қосқан еді. Енді оларды бұл тізімнен шығару туралы шешім қабылдады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13