Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға үндеу жолдады
Былтыр елімізде балалардың терезеден құлап кету фактісі, алдыңғы жылға қарағанда көп. Өкінішке қарай, жыл сайын мұндай қайғылы оқиғалар жиілеп барады. Әсіресе, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін қауіп басым. Терезеге арнайы қорғаныс құралдарын орнату маңызды. Бұдан бөлек, суға түсу маусымы басталған бетте балалар үшін қауіп-қатер де еселене түседі. Сондықтан, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға жаз мезгілінде аса мұқият болып, сақтық шараларын ширата түсу керектігін тағы бір мәрте ескертеді.
Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
2024 жылы елімізде балалардың су айдындарында қаза табуы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскен. Құрметті ата-аналар! Балаларымыздың амандығы – біздің ең үлкен жауапкершілігіміз. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қайғылы жағдайлардың алдын алу – өз қолымызда!
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17